25 қазан Республика күні
25 қазан – Республика күніне орай даярлық сыныбында мерекелік тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – кішкентай балаларға Отан, туған ел туралы түсінік беру, Қазақстанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, мерекенің мәнін жеңіл әрі түсінікті түрде жеткізу болды. Тәрбие сағаты барысында балалар Қазақстан туы, елтаңбасы мен әнұраны туралы әдемі суреттер қарап, мұғалімнің қысқа әңгімесін тыңдады. Оқушылар Отан туралы өлеңдер айтып, патриоттық әндер орындап, «Менің Қазақстаным» атты шағын