Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің
"Абыралы жалпы негізгі білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+772(256) 500-18
Байланыс нөмері:
+77765979775
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Бала шақтан болашаққа" атты бастауышпен қоштасу ертеңгілігі.
20
май
2025

"Бала шақтан болашаққа" атты бастауышпен қоштасу ертеңгілігі.

«Бала шақтан болашаққа»

Бұл мерекелік ертеңгілік бастауыш сынып оқушыларының мектептегі алғашқы қадамдарын қорытындылап, оларды жаңа білім белесіне шығарып салуға арналды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың бастауыш сыныпта алған білімін, тәрбиесін саралап, алдағы орта буынға деген сенімін нығайту.

Ертеңгілік салтанатты түрде Әнұран орындаумен басталды. Жүргізушілер бастауыш сыныптың оқушылар өміріндегі маңызын атап өтіп, бұл кезеңнің балалық шақтың ең қымбат естелігі екенін жеткізді.

Оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, тақпақтар оқып, әндер айтып, би биледі. Әрбір қойылымда олардың мектепке алғаш келген күндері, ұстаздарының еңбегі, ата-ананың қамқорлығы мен достық сезімдері көрініс тапты. Балалар бастауыш сыныпта алған білімдері мен дағдыларын сахналық көріністер арқылы әсерлі жеткізе білді.

Іс-шара барысында сынып жетекшісі оқушыларға жүрекжарды тілегін арнап, алдағы оқу жолында табыс, биік мақсат пен жауапкершілік тіледі. Ата-аналар да сөз сөйлеп, ұстаздарға алғыс айтып, балаларға ақ жол тіледі.

Ертеңгілік соңында оқушылар бастауыш сыныппен қоштасу әнін орындап, балалық шақпен қимастықпен қоштасты. «Бала шақтан болашаққа» атты бұл ертеңгілік оқушылардың жүрегінде жылы естелік қалдырып, жаңа белестерге сеніммен қадам басуына рухани серпін берді.

Өткізген : Бишкенова Г.К