01
декабрь
2024
“Funny English “ сыныптан тыс сабақ
“Бастауыш” бірлестігі апталығында “Funny English “ сыныптан тыс сабағы өткізілді.




Бастауыш сынып апталығы аясында ағылшын тілі пәні мұғалімі оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, тілдік қоры мен сөйлеу дағдыларын дамыту мақсатында сыныптан тыс танымдық іс-шара ұйымдастырды. Шараға оқушылар белсенді қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың ағылшын тіліндегі базалық сөздер мен сөйлемдерді қолдану дағдыларын жетілдіру, ойын арқылы тіл үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру, топпен жұмыс істей білуге, өз ойын еркін жеткізуге тәрбиелеу.
Ағылшын тілі пәні мұғалімі: Ә. Дулатқызы