«Профи TIME»
Абыралы жалпы негізгі білім беретін мектебінде «Профи TIME» мамандықтар әлемінде тақырыбында 9-сыныпта сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты - білім алушылардың мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту; мамандықтар туралы көзқарасын дамыту.
Өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулитын сынып сағаты бірнеше кезеңдерге бөлінді.



Алдымен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін, ойын-батл: "Әріпті мамандық" ойыны ойнатылды. Онда білім алушылар шеңбер құрып бір- біріне доп лақтыру арқылы өз аттарының әрпіне сай мамандық түрлерін айтады. Кім көп мамандық атаса, сол жеңіске жетеді.
Сондай-ақ, оқушылар қима-қағаздарға жазылған нақыл сөздерді алу арқылы топқа бөлінді.
«Аяқталмаған сөйлем.мамандық...» -оқушылар сөйлемді аяқтап ойларын жеткізді. Оқушылар берілген «Білеміз бе?» Постер тақырып бойынша постер дайындап қорғады.

Жаттығу: «Таңда, ойыңды дәлелде», "Трендтегі мамандықтар", "Әрқашан қажет мамандықтар", "Ең батыл мамандықтар". Оқушылар карточкалардағы қатысты бір мамандықты атап, дәлелдеді.


«Уақыт капсуласы» 2024-2034ж. Оқушылар өздерін он жылдан кейін қалай көретіндігін, қандай мамандық иесі болатындығын жазды.
Сіз қай мамандыққа лайықсыз? Қалам,қағаз алып өздеріңе ұнаған геометриялық фигура салады. Психогеометрия-өзін-өзі тану, оқушылар өздерін таныды.
Әр-түрлі әдіспен ұйымдастырылған сынып сағаты, оқушыларға Жүсіпбек Аймауытов атамыз айтқандай : «Өмірде өз мақсаттарымызға жету үшін қабілетімізге қарай мамандықты таңдай білуіміз керек» деген тұжырым жасауға, өз мамандықтарын адаспай тапқандарына тағы көз жеткізуге себепкер болғаны айқын көрінді.
Ұйымдастырушы: кәсіби бағдар беруші педагог Шынар Ассабырқызы