Абралинская ООШ самоанализ
Мектеп паспорты
«Абыралы жалпы негізгі білім беретін мектебі» КММ
Мекен жайы: Абай облысы Семей қаласы
Абыралы ауылы тел: 87225659118
Мектеп директоры: Татиева Зауреш Орынбасаровна
Қолданысқа шыққан жылы: 1989 ж.
Құрылған жылы: 1989ж.
Жалпы алаңы: 2500 кв.м
Педагогикалық құрамы: 18 педагог
Педагог зерттеуші – 3 Жоғары санатты -1
Педагог сарапшы – о Бірінші санатты -2
модератор– 3 Екінші санатты -2
Бейсанатты- 7
Оқушылар саны: 11- «Балдәурен» шағын орталықта
Даярлық тобында – 6 бала
Жұмыс істеу бағыты: Гуманитарлық
Физика-1
IТ кабинеті-1
Мектеп Абай Облыстық Әділет басқармасына заңды тұлға ретінде тіркелген.
Мектепке қажетті құжаттар, лицензия, статистикалық картасы, мектеп жарғысы, тіркеу куәлігі, техникалық төлқұжаты бар.
«Абыралы жалпы негізгі білім беретін мектеп» КММ
Мектеп телефон нөмірі 87225650118
Мектептің электронды адресі: abyraly.1978@mail.ru
Мектеп жөніндегі анықтама 2022-2023 жылғы
Барлық мұғалім саны – 18
Жоғары білімді – -16 – 89 %
Арнаулы орта білімді - 2- 11 %
Барлық ер мұғалімдер саны - 1 - 5%
Әйел мұғалімдер саны – 17 - 94,0%
Мұғалімдердің сапалық құрамы:
Санаты бойынша :
Педагог - зерттеуші - 3
Жоғары санатты - 1
Педагог - модератор - 3
Бірінші санатты – 2
Екінші санатты -2
Бейсанатты – 7
Бұл төмендегі пайыздық мөлшерлемені көрсетеді:
Жалпы мектеп бойынша - %
Бастауыш 1-4 сынып бойынша 7 педагог - 39%
Негізгі орта 5-9 сынып бойынша 14 педагог - 83
санат | 1-4 сынып | 5-9 сынып | Барлығы |
жоғары/ педагог- зерттеуші | 2 | 4 | 6 |
І / педагог- сарапшы | 1 | 1 | 2 |
ІІ / педагог- модератор | 2 | 4 | 6 |
бейсанатты | 1 | 5 | 6 |
барлығы | 7 | 14 | 20 |
Білім сапасы
Бастауыш 1-4 сынып бойынша - 100%
Негізгі орта 5-9 сынып бойынша - 95%
Жалпы мектеп бойынша - 87%
Педагогтардың кәсіби шеберліктерін шыңдау және жетілдіру
Мұғалімдердің курстық білім жетілдіру, аттестациядан өту 5 жылдық перспективалық жоспары құрылған. 2022-2023 оқу жылында соңғы төрт жыл есебімен алғанда барлық пән мұғалімдері өз пәндері бойынша ЖББ бойынша білімді жетілдіру курстарын өтті. 18 мұғалім «Цифрлық сауаттылық» курсынан өтті. «Ағылшын пәні мұғалім Ә.Дулатқызы «Ағылшын тілінің грамматикасы мен лексикасын зерделеу және оқыту» курсынан , Бастауыш сынып мұғалімі Г.Жексембаева бастауыш сынып пәндері бойынша «Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» курсын, Биология пәні мұғалімі Н.Мейрамбекова ҚР педагогтерінің біліктілігін арттырудың «Педагогтің зерттеу қызметі: Action Research және Lesson Study» атты курсын, Бастауыш сынып мұғалімі Г.Толесбекова бастауыш сынып пәндері бойынша «Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау» курсынан, Тәрбие ісінің меңгерушісі Ш.Ассабырқызы «Білім беру ұйымдарында жағымды тәрбие ортасын қамтамасыз ету» курсынан өтті.
2022-2023 оқу жылында барлығы аттестациядан өтуге 5 мұғалім өтініш білдірді.Педагог-зерттеуші санатына бастауыш сынып мұғалімі Г.Толесбекова, Педагог-эксперт санатына ағылшын тілі мұғалімі Ә.Дулатқызы, Педагог – модератор санатына даярлық сынып тәрбиешісі М.Кишкенбаева өтті.
2022-2023 оқу жылының басында оқушы саны -39 , 1-9 сынып оқушылар контингенті оқу жылы аяғында 31оқушы болды, соның ішінде 16 оқушы қыз бала. Мектептен жыл бойына 12 оқушы өзге мектептерге ауысты, 4 оқушы басқа мектептерден келді.
Оқу жылын «үздік» бағаға 21» оқушы, 6 оқушы «жақсы» деген бағаға аяқтап отыр. Мектеп бойынша білім сапасы 87% құрайды. Өткен оқу жылымен салыстырғанда 2 %-ға арту динамикасын көрсетіп отыр.
1-4 сыныпта барлығы 12 оқушы. Оның ішінде оқу озаттары – 8, оқу екпінділері -1. Өткен оқу жылымен салыстырғанда оқу озаттар саны- 5 оқушыға артқан. Бала санына шаққанда өткен оқу жылында 98% білім сапасын көрсетсе, биылғы оқу жылын 100 % +2 % өсу динамикасымен аяқтап отыр.
Орта 5-9 сыныптарға келетін болсақ, оқушы саны 19, оның ішінде оқу озаты- 13, оқу екпіндісі -5. Білім сапасы – 59 %. Өткен оқу жылымен салыстырғанда (64%) 1% кему динамикасымен аяқтап отыр.
Бастауыш, орта, жоғарғы буындар арасындағы білім сапасына талдау жасай келе, жоғарғы нәтижені бастауыш сынып буыны 100%, өткен оқу жылымен салыстырғанда 2 % өсу динамикасы (100%). Орта және жоғарғы буын білім сапасының пайыздық мөлшерінің 1 % төмендегенін көрсетіп отыр.
Оқушылардың білім және үлгерім қорытындысының салыстырмалы мінездемесі
Оқу жылы | Оқушы саны | Оқу озаттары | Оқу екпінділері | Білім сапасы, % |
2021-2022 | 37 | 18 | 11 | 78% |
2022-2023 | 31 | 21 | 6 | 87% |
Оқу жылын «үздік» бағаға 21 оқушы, «жақсы» деген бағаға 6 оқушы аяқтап отыр. Мектеп бойынша білім сапасы 87 % құрайды. Өткен оқу жылымен салыстырғанда (87%) 9 %-ға өсу динамикасын көрсетіп отыр.
2022-2023 оқу жылында мектеп бюджеті: 81 млн 600 мың құрады. Оның ішінде, жалпыға бірдей білім беру қорына 1 млн 857теңге, оның 831 мың теңгесі буфетке бөлінді.Оқушыларға мектеп формасына 19 оқушыға -771мың 446 мың 600теңге бөлінді. Алайда оқушы санының өзгеруіне байланысты 11оқушыға 446 мың 600 теңге аударылды. Экономда 32 мың 400 теңге тұр.
Жазғы сауықтыру лагеріне 255.000 теңге бөлінді.Бекіткен тізімде аз қамтылған отбасы – 4, оның ішінде бала саны- 6, көп балалы отбасы - 2, оның ішінде мектеп жасындағы бала саны – 5
«Қазақстан хақына « Қоғамдық қорының «Qh Жаздық жолдама» қайырымдылық жобасы аясында С.Демирель атындағы Республикалық Университетінің жанындағы жазғы демалу лагеріне екі оқушы демалып келді.
«Қазақстан хақына « Жаздық жолдама» жобасы бойынша «Үржарайым» сауықтыру лагеріне екі оқушы жіберілді.
Мұғалімдердің сапалық құрамы:
Педагог - зерттеуші - 3
Педагог - сарапшы - 0
Педагог - модератор - 3
Жоғары санатты-1
Бірінші санатты – 2
Екінші санатты -2
Бейсанатты – 7
санат | 1-4 сынып | 5-9 сынып | Барлығы |
жоғары/ педагог- зерттеуші | 2 | 4 | 6 |
І / педагог- сарапшы | 1 | 1 | 2 |
ІІ / педагог- модератор | 2 | 3 | 5 |
бейсанатты | 2 | 4 | 6 |
барлығы | 7 | 12 | 19 |
Санаты бойынша :
Бұл төмендегі пайыздық мөлшерлемені көрсетеді:
Жалпы мектеп бойынша -100%
Бастауыш 1-4 сынып бойынша 7 педагог - 39%
Негізгі орта 5-9 сынып бойынша 12 педагог - 67%
2020-2021 оқу жылындағы мұғалімдердің кадрлық құрамы: Білім беру саласын дамыту қажеттігі және оны жүзеге асырудың тиімді жолдары: бірінші кезекте білім беру үрдісінде алдыңғы қатарлы заманауи әдістемелер мен технологияларды қолдану мәселесі көтерілсе, екінші маңызды мәселе ретінде педагог кадрлардың сапасын арттырудың маңыздылығына назар аударылады. Педагогтардың сапасы мен біліктілігін көтеру – білім сапасын арттырудың басты негізі екені белгілі.
Осы туындаған кемшіліктерді жою үшін мектеп әкімшілігінің алдында педагог кадрлардың сапалық деңгейін арттыру мәселесі тұрды. Алдағы 5 жылға аттестациядан өтетін мұғалімдердің перспективті жоспары, педагогтардың 2020- 2025 жылдар аралығындағы курстық дайындықтан өтуінің перспективалық жоспары жасалынып бекітілді. Сонымен қатар, мектептің әдістемелік жұмысын жандандыру, мұғалімдердердің мектепішілік, аудандық, облыстық семинар, ғылыми- конференцияларға қатысып, кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, өз білімін жетілдіру жұмыстарын дұрыс жолға қою мәселелері тұрды.
Мұғалімдердің сапалық құрамы сын көтермейді. Себебі, бала санының аздығынан мұғалімдердің жүктемесі ставкаға толмауынан пән мұғалімдердің сапалық құрамы стандартқа сай келмейді.
Тұжырым: Мектеп педагогикалық кадрлармен 100% қамтамасыздандырылмай отыр.. Зейнеткер мұғалімдер саны - 1. Педагогикалық білімі жоқ мұғалімдер – 0. Педагогикалық ұжымды аттестаттау құрылған график бойынша ережелерге сай жүргізіледі. Мектептің педагогикалық ұжымы тұрақты. Әкімшілік тарапынан мұғалімдердің сапалық құрамына бақылау және саралау жұмыстарын жүйелі жүргізу арқылы, мұғалімдердің өз білімдерін жетілдіріп, жетістік баспалдақтарымен көтеріліп үнемі өсу деңгейіне жетуіне мотивация жасау арқылы, мектептің- ғылыми әдістемелік жұмысын сапалы , жүйелі жүргізу арқылы педагог кадрлардің сапалық құрамының өсуіне қол жеткіземіз.
2022-2023 оқу жылындағы
оқу-тәрбие жұмысының қорытындысына
педагогикалық талдау
Оқу жоспарыҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы.
«Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Бастауыш , Негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген 20 тамыз 2021 жылғы №415 бұйрығының ,11- сыныптарға арналған жұмыстық оқу жоспары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Бастауыш ,Негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген 26 наурыз 2021 жылғы №125 бұйрығының :
«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығы
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларға аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы негізінде үлгілік оқу жоспары құралған.
«Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендерінің, құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 179 бұйрығы
«Білім беру обьектілеріне қойылатын санитарлық эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы ҚР Денсауылық сақтау министірінің 2021жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ 76 бұйрығы №
2021-2022 оқу жылында 1-4 сынып , 5-9 сынып оқушылары ҚР МЖМБС-2016 сәйкес жаңартылған білім мазмұны оқу жоспарлары және оқу бағдарламаларымен оқыды.7.04 2020
Оқу бағдарламасын іске асыру кезінде сыныптар және білім беру сатыларының сабақтастығы, пәндік циклдер, жеке пәнаралық тепе-теңдік сақталған. Оқушыларға арналған апталық жүктеме деңгейі орындалды. Мектептің білім беру бағдарламасы және оқу жоспары оқушының білім алу үрдісінде дамуын және базалық жалпы орта біліммен қамтамасыз ету мектептің мемлекеттк функцияларының орындалуын қарастырады. Осы мақсатқа жетудің бастапқы мақсаты болып әр оқушының әр сабақта өз мүмкіндігіне қарай қызықтыра білу болып табылады.
ҚР Конституциясына сай мемлекетіміздің азаматтары білімді тегін алуға құқылы. Мектеп жасындағы барлық балаларды біліммен қамту мәселесін шешуге жағдай жасау мақсатында мектепте жылына жалпы білім беру бойынша 2 рет айлық өткізілді. Жалпыға бірдей білім беру айлығы оқушылардың мектепке толық қатысуы мемлекет басшысы тапсырмасының орындалуымен өткізіледі. Айлық мектепте 15 тамыздан -15 қыркүйек және 15 қаңтардан 15 ақпан аралықтарында өткізілді.
Мектептің жұмысы 1–9 сыныптарында 5 күндік. Мектеп алды даярлық топтары да 5 күндік. Оқу үрдісі 1 -сыныптарында 34 апта болса, қалған сыныптарда 36 аптаны құрады. Сабақ бір ауысымда жүргізілді.
Сабақ кестесі тәрбиелеу, білім беру үрдісін ұйымдастыру, жұмысқа бейімделу күнделікті және апталық динамикасын білім алушыларға әртүрлі жастағы топ оқушыларына қолайлы жағдайлар жасау мақсаты ескеріле құрастырылған.
Мектептің оқу- тәрбие жұмысын дұрыс әрі нәтижелі атқару үшін, оны дұрыс жоспарлау және жүргізу болып табылады. Мектептің жылдық оқу-тәрбие жоспары жан-жақты қаралып, құрастырылып мектеп директорымен бекітіледі Оның бөлімдеріне төмендегідей шаралар кіреді:
- Жалпыға бірдей білім беру айлығы негізінде жасөспірімдер мен бала санын жүргізу мақсатында шағын аудандарды аралау;
- Мектептің әлеуметтік картасын құру;
- Мектеп оқушыларының сабаққа қатысуын күнделікті қадағалау
- Аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға материалдық көмек көрсету;
- Ата – аналармен құқық бұзушылықты алдын алу жұмыстарын жүргізу
- Сынып жетекшілеріне кеңестер беру;
- Алдын алу кеңес отырысы.
Оқу жылы бойы бірінші сыныпқа келетін балалар мен олардың ата-аналарымен жұмыстар жүргізілді. 1 және 5 сынып оқушыларының бейімделуіне жағдай жасау мақсатында оларды одан ары дамыту, тәрбиелеу, үйрету үшін бейімделу жұмыстары өткізіліп, алынған қорытындылары бойынша педагогикалық консилиум және директор мен психологтың қатысуымен отырыстар өткізілді. Тоқсан қорытындысы бойынша қанағаттанарлықсыз баға алған оқушылармен жыл бойы ҚР «Білім туралы» заңына сәкес келесі жұмыстар жүргізілді: кіші педагогикалық кеңестерде үлгерімі төмен оқушылардың себептері айқындалып, мектеп әдістемелік ұйымында осы мәселені жою жұмыстары жоспарланған. Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыру жұмысы жүргізілді.
Қорытынды: Мектептің әдістемелік жұмысы барлық мұғалімдердің кәсіби дамуы мен жан- жақты ізденуіне жағдай жасайды. Осы аталған бағытта мектебімізде аймақтық дөңгелек үстел «Ахмет Байтұрсынов және қазақ қоғамы» тақырыбында ұйымдастырылды.
Аудан , облыс көлемінде ұйымдастырылатын семинар, конференцияларға қатысуына, өз іс- тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік береді.
Мектептің әдістемелік жұмысы өзінің алдына қойған мақсат- міндеттерді орындады. Жаңа оқу жылында мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін дамыту, іс- тәжірибе аудан - облыс көлемінде тарату жұмыстарын жандандыру, өзара сабаққа қатысу, өзара тәжірибе алмасу жұмыстарын қадағалау, өзара сабақты зерттеу, инновациялық технологияларды тиімді қолдану жолдарын, зерттеушілік жұмыстарын жандандырылуын мектеп әкімшілік қадағалауға алу.
Мектепішілік бақылау жұмысы
Оқыту процесінің және білім алушының оқу жетістігінің сапасын арттыру,
педагогтерде және білім алушыларда кездесетін проблемаларды зерделеу
мақсатында мектепішілік бақылау тақырыптық, персоналды, шолулық, фронтальды, сыныптық-оқытатын дәстүрлі мектепішілік бақылау құралған. Мектепішілік бақылау барысында 5 сыныбында сыныптық – оқыту бақылауы пән мұғалімдеріне оқушылардың үйренуі және оқушылардың 2 сатыдағы оқытуға бейімделуін бақылау мақсатында өткізілді. 9 сынып оқушыларының оқу-тәрбиелік үрдісін білу деңгейі, бақыланды.
- Тақырыптық-бақылау – мектеп құжаттарын тексеру. Мақсаты: график бойынша жылына 2 рет пән дәптерлерін, жеке іс-қағаздарын, күнделік толтырылуы, мектеп құжаттарының дұрыс және уақтылы толтыруын, бағалауын бақылау;
- Персоналды бақылау – мектеп жас мұғалімдерінің сабақтарына қатысу;
- Жалпы бақылау – оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау. Бақылау мақсаты: сабақты себепсіз босататын оқушыларды анықтау.
Мектепішілік бақылау бойынша атқарылған іс- шаралар директор жанындағы, оқу-тәрбие ісі жанындағы кеңестерде қаралып, түзету- дамыту жұмыстары ұйымдастырылды.
Қорытынды: Білім алушының оқу жетістігінің сапасын арттыру мақсатында мектепішілік бақылау жұмысы жұмыс түріне қарай үнемі өткізілді.
Мектептің әдістемелік жұмысы:
Оқу жылына қойылған мақсаттар мен міндеттеріне сәйкес, сондай – ақ мектеп мұғалімдерінің кәсіби қажеттілігіне байланысты әдістемелік қамсыздандыру тұрғыдан мұғалімдердің кәсіби деңгейін анықтау
Мектептің әдістемелік қызмет жұмысының негізгі мақсаттары:
- Мұғалімдерге әдістемелік қолдау мен көмек көрсету
- Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіру үшін жағдай жасау және оқыту сапасын арттыру
- Мектептің әдістемелік қызметінің міндеттері:
- Мұғалімдердің білім беру, педагогикалық қызметтегі заманауи ғылыми жолдар туралы ақпараттық қамтамасыздығын ұйымдастыру;
- Мұғалімнің ғылыми – теориялық, әдістемелік деңгейін арттыру;
- Заманауи білім беру технологияларын меңгеру;
- Озат педагогикалық тәжірбиені зерделеу, жинақтау және енгізу;.
Мектептің әдістемелік құрамы:
Абенов Б.Б. - мектеп директоры
Бишкенова Г.К.- ОТІЖ орынбасары
Ассабырқызы Ш- ТІЖ орынбасары
Толесбекова Г.Т - бастауыш сынып ӘБ жетекшісі
Дулатқызы Ә - қоғамдық- гуманитарлық пәндер ӘБ жетекшісі
Мейрамбекова Н - жаратылыстану- математика пәндер ӘБ жетекшісі
Ассабырқызы Ш - сынып жетекшілер ӘБ жетекшісі
Мектебіміздің әдістемелік кеңесі оқу бағдарламаларының жүзеге асуымен оған қажет жағдайда түзетулер жасауды қамтамасыз етеді, жаңартылған білім беруге көшу жағдайындағы енгізіліп жатқан кешенді жаңашылдықтарды сараптау мен іс - әрекеттерді бақылау, нормативтік әдістемелік құжаттардың дұрыс және уақтылы жүргізілуін қадағалайды.
Әдістемелік кеңес отырыстарында төмендегі келесі сұрақтар мен мәселелер қаралды:
- 2022-2023 оқу жылындағы әдістемелік кеңес жұмысының қорытындысы
- Мектепті дамыту жоспары негізінде ЛС топтарының жұмысын ұйымдастыру
- Жекелеген пәндер қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, математика, физика, химия, биология, тарих пәндерінің білім сапасы мониторингі, БЖБ, ТЖБ қорытындылары
- Мұғалімдердің пән бойынша білім сапасы мен оқу бағдарламасының орындалуы туралы есебі
- Мектепішілік олимпиадаларға дайындық және өткізу
- 2022-2023 оқу жылындағы оқу бағдарламасының орындалуы туралы талдау
- 2022-2023 оқу жылы бойынша оқушылар мен мұғалімдер жұмысының рейтингі
- Оқу жылының аяталуы туралы бұйрықпен таныстыру
- ӘБ жетекшілер жылдық есебі, шығармашылық топтар есебі.
Жыл бойына әр айға бөлгенде 7 пән апталығы жоспарланды.
- Алтын күз» апталығы жауапты Мейрамбекова Н
«Гүлдер патшалығы» аясында көрме, викториналық сұрақтар, бастауыш сыныптар арасында күздің табиғи өнімдерінен қолөнер туындыларын жасау конкурсы, 5-7 сыныптар арасында командалық жарыстар, 8-9 сыныптар арасында «Химиялық турнир» ұйымдастырылды. Коллаж «Суреттер әлемі»,пән бойынша ашық сабақ өткізілді.
- Тілдер апталығы жауапты пән мұғалімдері Онжанова С, Дулатқызы Ә «Ұлт ұстазы» тақырыбында өткізілді. Пән мұғалімдері ақын шығармашылығынан қойылымдар , көркем сөз оқу сайысы, сурет көрмесін ұйымдастырды.
Психология апталығын Тыныбекова Қ оқушылардың қызығушылығын тудырған тренингтерден бастап , апта бойында өзарасыйластық пен ынтымақтастыққа жетелейтін ойындар, тренингтер арқылы ұйымдастырды .
- Жаратылыстану апталығы жауапты ӘБ жетекшісі Мейрамбекова Н ұйымдасқан түрде апталықтың ашылу салтанаты сап түзеуде өте жоғары дәрежеде, қызықты етіп жасалған. Апта бойына үзіліс кездерінде ребус, кроссворд шешу ұйымдастырылды. информатикадан «Ақпараттың өлшем бірліктері», Батырбекова А.С Kahoot интеллектуалдық интернет ойынын өткізді. Оқушылар арасында сыныптан тыс шараны Омарова Ф орынды ұйымдастыра білген.
- Бастауыш сынып апталығы жауапты ӘБ жетекшісі Толесбекова Г.Т ұйымдастырды . Пән мұғалімдері ашық сабақтар жүргізіп , ойындар өткізді.
- Қоғамдық пәндер апталығы жауапты ӘБ жетекшісі Дулатқызы Ә.Желтоқсан айына жоспарланған апталық, Тұңғыш президент күні және Тәуелсіздік мерекесі тақырыптары аясында ұйымдастырылды. Тарихи хронология , дебат, интеллектуалдық ойын, желтоқсан оқиғасын куәгерімен ZOOM арқылы кездесу ұйымдастырылды.
Озық тәжірибе апталығы «Бірлесе жоспарлау мен өзара сабаққа қатысуды ұйымдастыру» тақырыбында Бишкенова Г.К ұйымдастырды. «Бөлім бойынша жиынтық тапсырмалар құрастыру негіздері» тақырыбындағы шеберлік сыныбы Онжанова С , «Бағалау түрлерін қолдану» дөңгелек столын Толесбекова Г.Т, «Жас мұғалімдермен жұмыс Оқыту мен оқудағы кедергілер және оларды шешу жолдары» коучингін Омарова Ф.С,«Оқушы жетістігін бағалау» іс тәжірибесімен бөлісу Кишкенбаеква М.Д, «Күнделік кz» жүргізу дөңгелек столын Мейрамбекова Н.М жүргізді.
- Жас мұғалімдер апталығын Ассабырқызы Ш.С. жүргізіп, Онжанова С, Жексембаева Г.«Жас мұғалімдер: теория және практика» дөңгелек үстел ұйымдастырды. Жас мұғалімдер ашық сабақ жүргізіп, өзара тәжірибе алмасты. Апталықтың соңы сайыспен аяқталып, жеңімпаздар марапатталды.
- Балалар кітабы апталығы кітапханаш Абылгазова Б.А. балалар кітабы көрмесімен ашты. Апта бойында оқушылар ойынға қатысты. Жаңа кітаптар көрсетілім өтті.
Оқу жылының басталуымен «Бірлесе жоспарлау мен өзара сабаққа қатысуды ұйымдастыру арқылы мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру» тақырыбындағы мектептің даму жоспары бекітілді. Жоспар бойынша өткізілетін коучинг, семинар, дөңгелек үстел, зерттеу сабақтары тақырыптары, түрлері мен формалары қарастырылды. Мектепті дамыту жоспары бойынша бірқатар бұйрықтар шығарылды. Жыл бойында 5 коучинг, 2 семинар, 3 жиналыс , 4 ата-аналармен кездесу- семинарлары ұйымдастырылды. 3 ЛС тобы құрылып, 6 зерттеу сабағы жүргізілді.
Қорытынды: 1) Ұйымдастырылған іс- шаралар оқушылардың және мұғалімдердің шығармашылық потенциалдарын, ойлау қабілеттерін дамытып, сонымен қатар, ақпараттық -ағартушылық орта тудыра алды. Барлық пән апталықтары өз дәрежесінде өтті. Апталықты безендіру жұмыстарын қарастыру қажет. Бұл оқушылардың пән апталығына, пәнге деген қызығушылықтарын арттыратынын, эстетикалық талғам мәдениетін дамытатынын естен шығармау керек. ӘБ жетекшілері пән апталығын ұйымдастыру шараларын алдын ала ұйымдастырып, ашық сабақтардың өткізілу формалары мен түрлерін қарастырып, 1 апта бұрын жоспарды бекітуге ұсыну , барлық ӘБ пәндері бойынша міндетті түрде ашық сабақтар өткізу, оған барлық жас мамандардың қатысуын қамтамасыз ету жағын қадағалау керек.
2) Мектепті дамыту жоспары бойынша жұмыстарды жалғастыру, ЛС жұмыс топтарының жұмысын жандандыру, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру бағытындағы жұмыстары жүйелі жүргізу. ЛС топтарына жас мұғалімдерді тарту. Облысымыздағы алдыңғы қатарлы жетекші мектептер санатына көтерілу. Жұмыстарды жүйелеп, аудан, облыс көлемінде жариялау жұмыстарын жүргізу керек.
Мектептің әдістемелік жұмысы барлық мұғалімдердің Аудан , облыс көлемінде кәсіби дамуы мен жан- жақты ізденуіне жағдай жасайды.
Қорытынды: Мектептің әдістемелік жұмысы өзінің алдына қойған мақсат- міндеттерді орындады. Жаңа оқу жылында мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін дамыту, іс- тәжірибе аудан - облыс көлемінде тарату жұмыстарын жандандыру, өзара сабаққа қатысу, өзара тәжірибе алмасу жұмыстарын қадағалау, өзара сабақты зерттеу, инновациялық технологияларды тиімді қолдану жолдарын, зерттеушілік жұмыстарын жандандырылуын мектеп әкімшілік қадағалауға алу.
Қорытынды: Мектептің әдістемелік жұмысы өзінің алдына қойған мақсат- міндеттерді орындады. Жаңа оқу жылында мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін дамыту, іс- тәжірибе аудан - облыс көлемінде тарату жұмыстарын жандандыру, өзара сабаққа қатысу, өзара тәжірибе алмасу жұмыстарын қадағалау, өзара сабақты зерттеу, инновациялық технологияларды тиімді қолдану жолдарын, зерттеушілік жұмыстарын жандандырылуын мектеп әкімшілік қадағалауға алу.
Жас мамандармектебі: Жас мамандарға тақырыптық-күнтізбелік жоспар құру, сабақ жоспарларын жасау, сабақты талдау, мониторинг жасау, конкурстарға дайындауда тәлімгерлер тағайындалды, әдістемелік көмектер көрсетілді.
Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу қайта қаралып, әр пән мұғалімі өз бағыты бойынша дарынды оқушыларын анықтап, жыл бойына жоспар құрды.
Интеллектуалды ойындар өткізу жыл бойына қойылып, өткізілді.
Әр тоқсан қорытынды мониторингі жасалып, тоқсандық бақылау жұмыстары талданды. ӘБ пән мұғалімдерінің апталықтары өткізілді. Ашық сабақтар жоспарланған, жыл бойына өткізді. Аудандық олимпиадаларға, облыстық көрмеге осы бірлестіктен оқушылар қатысып, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді.
ОЖСБ тапсыратын оқушылармен жұмыс жоспарланып, әр пән мұғалімдері білім сапасының көрсеткіштерін көрсетті.
Жас мамандар мен тәлімгерлер жыл бойы істеген жұмыстары бойынша есеп берді..
Қорытынды: Мектептің әдістемелік жұмысы өзінің алдына қойған мақсат- міндеттерді орындады. Жаңа оқу жылында мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін дамыту, іс- тәжірибе аудан - облыс көлемінде тарату жұмыстарын жандандыру, өзара сабаққа қатысу, өзара тәжірибе алмасу жұмыстарын қадағалау, өзара сабақты зерттеу, дәстүрлі сабақ түрлерінен толығымен бас тарту, инновациялық технологияларды тиімді қолдану жолдарын, зерттеушілік жұмыстарын жандандырылуын мектеп әкімшілік қадағалауға алу.
Тұжырым: 2022-2023 оқу жылындағы алға қойған мақсаттар орындалды. Оқыту бағдарламалары барлық пәндер бойынша толық қамтылды.
Дарынды, қабілетті оқушылармен жұмыс
Жыл бойы дарынды оқушылармен жоспар бойынша жұмыстар жүргізілді.
Қорытынды: олимпиада резервтерімен жұмыс әлі де терең жүйелі жұмысты қажет етеді. Қазақ тілі, тарих, география, химия, пәндері нәтиже көрсете білді. Облыстық, республикалық деңгейге жету бағытында олимпиада резервтерін мақсатты түрде дайындау ұсынылады
Қорытынды аттестация
9 «А» сыныбы
Пән атауы | оқушы саны | 5 | 4 | 3 | 2 | білім сапасы 2022-2023 | 2021-2022 |
Қазақ тілі (эссе) | 3 | 2 | 1 | 100 | 100 | ||
Математика (алгебра, жазбаша) | 3 | 2 | 1 | 100 | 100 | ||
Орыс тілі мен әдебиеті (жазбаша) | 3 | 2 | 1 | 100 | 100 | ||
Қаза | 3 | 2 | 1 | 100 | 100 |
Негізгі орта мектепті бітірген барлығы 3 оқушы. Колледжге түскен оқушы саны - 3 , оның ішінде грант - 2
Тұжырым: олимпиада резервтерімен жұмыс әлі де терең жүйелі жұмысты қажет етеді. Қазақ тілі, тарих, география пәндері нәтиже көрсете білді. Облыстық, республикалық деңгейге жету бағытында олимпиада резервтерін мақсатты түрде дайындау ұсынылады.
Тәрбие жұмысының қорытындысы
Тәрбие жұмысы бойынша 2022-2023 оқу жылына есеп. Мектепте ИДН есебінде тұрған оқушы жоқ.
9 сынып жетекшісі Адалдық сағаты үйымдастырылды.Мектеп медбикесімен бірлесе отырып темекінің зияны туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді. 1,16 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне , Тәуелсіздік күніне арналған сынып сағаттары ұйымдастырылды.Тәуелсіздік күніне арналған аудандық ән байқауында мектебіміздің 3 оқушысы қатысып, 2 оқушы 2 орын иеленді.жетекшісі Ассабырқызы Ш
Тәуелсіздік күніне арналған ауылдық округпен бірлесе өткізген ауқымды концертте мектебіміздің жас ұстаздары және мектеп оқушылары белсене қатысты.
Осы мерекеге орай мектеп кітапханашысы Абылғазова Б Жыр мүшәйрасын өткізіп, оқушыларды марапаттады.Сурет байқауы, шығарма байқауы өткізіліп, қорытындылары шықты. Мектепішілік челлендж ұйымдастырылып,өкінішке орай қорытындысы шықпай қалды.
Жаңа жыл қарсаңында сынып безендірліуі ұйымдастырылып, сыныптар жоғары белсенділік танытты. Мектеп алдына қар мүсіндерін мектеп мұғалімдері .оқушылар, мектеп қызметкерлері бірлесе отырып жасады.
Қысқы демалысқа жоспар жасалып, сынып жетекшілерге жолданды.
Қаңтар, ақпан, наурыз айлары бойынша мектепте төмендегі іс шаралар ұйымдастырылды. «Біз біргеміз» акциясы аясында 8 сынып оқушылары жалғыз басты «Құқықбұзушылықтың алдын алуға» арналған сынып сағаттары, ауылдық участкелік полиция инспекторы 5-7 сынып оқушылары арасында «Жол ережесін білейік, аман есен жүрейік» атты оқушылармен түсіндірме жұмысын жүргізді. «Дені сау ұрпақ- ел ертеңі» тақырыбында өтілген апталықта музыка пәнінің мұғалімі Ассабырқызы Ш, бастауыш сыныптар аралығында ән байқауын жоғары деңгейде ұйымдастырды. Өзін өзі тану апталығы барысында «Жастарда патриоттық рух бар ма?» тақырыбында дебатты Мусина Б өткізді. «Бала тәрбиесіндегі ата-ана мен мектеп байланысы» тақырыбында ата аналармен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Ақпан айының 15-де мектебімізде «Жаһандану үрдісінде ата анамен байланыс» тақырыбында семинар өте жоғары дәрежеде ұйымдастырылды. Іс шараға ат салысқан барлық әріптестерімізге алғысымыз шексіз. Алғыс айту күніне сынып сағаттары, челлендж өткізілді. «Өзін-өзі басқару» ұйымының президенті Сәдуов Қ мен мүшелері алғыс айту күніне орай ұстаздардан, оқушылардан сұхбат алды. 8 наурыз мейрамына арналған іс шараларды бастауыш сынып мұғалімдері Жексембаева Г мен Кишкенбаева М өткізді. Жоғары буын арасында «Мен және менің құрбым» атты сайысты психолог Тыныбекова Қ жоғары дәрежеде ұйымдастырды. 22 наурыз мерекесіне арналған іс шараларды1-9сынып жетекшілері бірлесіп өте жоғары деңгейде ұйымдастырды. Және осы іс шарада белсенділік танытқан 7 сынып жетекшісі Дулатқызы Ә мен мектеп тәлімгері Мейрамбекова Н Ұстаздарға алғысымызды білдіреміз.
Сәуір айында Құстар күні, Экология сағаты ұйымдастырылды. Мамыр айында Отанқорғаушылар күні, Жеңіс күніне арналған іс-шаралар өткізілді. 1маусым Балалар күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Ұсыныс :1. Пән мұғалімдері оқушылардың мектепке, қоғамдық жұмыстарға деген белсенділіктерін арттыруда іздену жұмыстарын жүргізу ұсынылады.
2. Ата- аналармен тығыз қарым қатынас жасау, мүмкіндігінше мектеп өміріне жақын тарту ұсынылады. «Мектеп -қоғам- ата ана» үштігінің жұмысын жандандыру
Тәрбие қызметін іске асыруда 2023-2024 оқу жылына төмендегідей міндеттер қойылады:
- Оқушыларды қазақстандық патриоттыққа жетелейтін іс-шараларды барынша кеңінен өткізу.
- Діни экстремизмнің, терроризмнің алдын алуға арналған жұмыстарды,жемқорлықтың алдын алуға негізделген шараларды мүмкіндігінше бала санасына жететіндей сапалы түрде өткізу.
- Жауапкершілікке, адамгершілікке тәрбиелеуде ұлттық педагогиканы мейлінше қолдану
- Ата-аналармен жұмыс түрлерін жандандыру.
- Қоғамдық ұйымдармен тығыз жұмыс атқару
Қорытынды: Екінші тоқсан барысында тәрбиенің Дене тәрбиесі, Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие бағытына, көркем эстетикалық бағытына іс шаралар ұйымдастырылды.Қоғамдық ұйымдармен, ата аналармен, Қамқоршылық кеңесімен отырыстар өткізілді.Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ИДН инспекторымен кеңес өткізілді.
3 тоқсан барысында мектепте аудан көлеміндегі іс шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылды. «Рухани жаңғыру Болашаққа бағдар» бағдарламасы негізінде ауқымды шаралар өтілді. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие бағытына басымдылық көрсетілді. Оқушыларға мамандық таңдауда жол сілтеуге арналған шаралар өтілді.
Соңғы тоқсан барлық сыныптан тыс шаралар сыныпта ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары сынып жетекшілерінің жауаптылығымен аудан бойынша, облыс бойынша өтілген іс шаралараға белсене қатысуға ат салысты.
Тұжырым: Экономикалық және экологиялық бағыты негізінде мамандық таңдау бойынша мектеп түлектерімен мектеп психологы мен сынып жетекшіге жұмысты жандандыру. Оқушылардың облыстық, республикалық деңгейде өтілетін шараларға белсене қатысу мүмкіндіктерін дамыту. Өткізген іс шараларды әлеуметтік желілерге салып отыру ұсынылады. Әр сынып жетекшіге фейсбуктен, инстаграмнан өз жеке парақшаларын ашу ұсынылады. Себебі бұл біздің еңбегіміздің жемісі.
«Жас Ұлан» және «Болашақ» өзін – өзі басқару ұйымының есебі
2022-2023 оқу жылымектептің бастауыш,ортаңғы жоғарғы сынып оқушыларынан құралған «Жас Ұлан» ж/е «Болашақ» өзін – өзі басқаратын оқушылар ұйымы жұмысы
Негізгі мақсаты:
Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге
деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.
- балалардың бірлігі;
- қызметтің патриоттық, толеранттық, рухани-адамгершілік бағыты.
Міндеттері:
- мектеп оқушыларының әлеуметтік тәжірибелерін байыту және дамыту, әлеуметтік-танымдық бастамаларды жүзеге асыру;
- мектептің тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру.
Биылғы оқу жылында біршама іс-шаралар өткізілді.
Психологиялық қызмет.
2022-2023 оқу жылына педагог-психологтің есебі
Жұмысмақсаты: Білім алушының жас ерекшелігіне қарай оқыту, тәрбиелеу және рухани адамгершілік дамуына қолайлы жағдай жасай отырып, психологиялық денсаулығын қамтамасыз ету.
Жұмыс міндеті:
1) Білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
2) Білім алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсету;
3) Білім алушыларды психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тәсілді қамтамасыз ету;
4) Психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;
5) Психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;
6) Білім алушылардың психикалық денсаулығын сақтау;
7) Психологиялық проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата-аналар мен педагогтерге консультациялық көмек көрсету.
Мектептегі психологиялық жұмыс 4 бағыт бойынша жүргізіледі. Олар:
- Психопрофилактикалық жұмыс
- Психокоррекциялық түзету – дамытушылық жұмыстар
- Психологиялық кеңес беру мен ағарту жұмыстары
- Психодиагностикалық жұмыс
Оқу жылының басынан балалардың мектепке психологиялық дайындығы анықталды. Мұндағы мақсатым: мектепке, сабаққа деген психологиялық ахуалын анықтау.Көптеген балаларға мектепке бейімделу қиынға соғады. Бұл жағдайды диагностикалауда психолог ең алдымен, психологиялық қорғаныстың әртүрлі формаларымен кездеседі. Бұл жағдайдың механизмдерін жобалау әдістеменің көмегімен зерттеуге болады. Мұндай әдістемелердің бірі – «Жануарлар мектебі». Бұл әдістеме мектеп неврозы дамуының алғашқы сатысын, себебін және түзету жұмысын анықтауға мүмкіндік береді. Жақсы атмосфера және бағалау пікірінің жоқтығы баланың еш кедергісіз сурет салуына жағдай туғызады.Сонымен бірге, сурет салу бастауыш сынып оқушыларына қызықты және дағдылы.Суретті талдауда оқу әрекеті үрдісіндегі оқушыда кездескен қиындықтарды көруге болады. «Жануарлар мектебі» әдісі 1 сыны оқушыларынан алынды. 1-сынып оқушыларына оқу жылы басынан бастап бірінші тоқсан соңына дейін сабақтарына қатысып, сынып оқушыларына психологиялық карта толтырылып, зерттеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы бұл екі сынып та мектепке бейімделген.
Сұраныс бойынша ата-аналар мен мұғалімдерге кеңес берілді. Мұғалімдерден «Сіз қандай мұғалімсіз?» тақырыбында сауалнама алынды. Сауалнама нәтижесінде ұстаздар шәкірт үшін биік тұлға, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлетіні анықталды. Оқушылардың өзін-өзі бағалау деңгейін анықтау мақсатында әдістемелік жұмыс жүргізілді. Бастауыш сыныптар арасында зерттеулер, тренингтер жүргізіліп, әр сынып бойынша әр оқушының педагогикалық-психологиялық, диагностикалық картасы жасалынды.
1 жарты жылдық түзету-дамытушылық бағыттар бойынша 5-7 сынып оқушылары «Мен бақытты баламын» тақырыбында сурет салды.
Қазан айының 18-24 аралығында мектебімізде «Мейірімге толы жүрек» атты психология он күндігі ұйымдастырылды.
Апталықтың мақсаты: Психологиялық қызметтің жұмысын насихаттау, мектеп ұжымының ауызбіршілігін қалыптастыру, оқушылардың шығармашылығын, белсенділігін арттыру.
8-9 сынып оқушылары «Мен үшін өмір қымбат» тақырыбында эссе жазды. 5 сынып оқушылары да толығымен педагогикалық-психологиялық жағынан, орта буынға бейімделуі бақыланып, бұл сынып оқушыларына да диагностикалар жүргізіліп отырды.
Мектеп бойынша қыздармен де жұмыстар жүргізілді. «Қыз қылығымен», «Қыз тәрбиесі, ұлт тәрбиесі» т.с.с тақырыптарда тренингтер өткізілді. Мектеп медбикесімен бірлесе гигиеналық тазалық, өзін ортада қалай ұстау, ертежүктіліктің алын алу т.с.с ақыл-кеңес беріліп, слайд, бейнероликтер көрсетілді.
7-8 сынып оқушыларымен жылдың басынан педагогикалық-психологиялық , диагностикалық карталары әр оқушыға толтырылып, сынып жетекшісімен бірлесе «HADS сауалнамасы», «Суицидтің алдын алуға арналған тест», т.с.с тақырыптарда тренингтер жүргізіліп, сауалнамалар алынды. 8-9 сыныптарда әр оқушыға диагностикалық карталар жасалынып, жеке жұмыстар жүргізілді. «Мен мамандық әлеміндемін», «Сәттілік серік болсын», «Как у тебя с самооценкой» тест, жаттығулары жүргізілді. Суицидтің алдын алу жұмысына «Өмірді сүю өзіңді сүю», жалғыздық сезімінің деңгейін анықтау әдістемесінің сауалы алынды. Стресс, деппресияға қарсы әдістемелер орындалды. Сауалнама нәтижесіне қауіп тобында бала анықталған жоқ. «Мен таңдаған жол», «Менің ішкі жан дүнием», «Дос және достық» тақырыптарында тренингтер өткізілді.
9 сынып оқушыларының ата-аналарымен де жиналыс өтіп, жадынама таратылды.
Қорытынды: 2022-2023 оқу жылында жүргізілген барлық жұмыстарды талдай отырып, барлық іс-шаралар жоспарға сәйкес жүзеге асырылған деп айтуға болады. Жалпы өткізілген тренингтер мен сауалнамалар мақсатына жетті деп ойлаймын. Барлық оқушылар белсене қатысып, қызығушылық танытты. Оқушы тәрбиелі, инабатты, ибалы, ізетті, қайырымды болу үшін оған тәрбиені ойынмен байланыстырып берген өте тиімді. Келесі оқу жылында оқу-тәрбие үрдісінде қиындық тудыратын оқушыларға ерекше көңіл аударып, жекеше жұмыстарды жандандыру, сондай-ақ дарынды балалармен жұмыс жасауға назар аудару қажет. Өткен жылдағы іс-шараларды талдауды ескере отырып, алдағы жылдағы іс-шараларды жалғастыру.
Құқықбұзушылық бойынша мектепте есепте тұрған оқушы жоқ. Мектеп ұлдарымен ауылдық участковыйды шақырып, құқықбұзушылықтың алдын-алу бойынша жеке әңгіме жүргізілді.
Тұжырым:
Психологиялық қызметтің алға қойған негізгі мақсаттары орындалды, жүзеге асырылды. Жүргізілген жұмыстардың тоқталмауына назар салып жұмыстарды жалғастыру. Құқық бұзуды алдын алу, суицид бойынша және балалардың құқығын қорғаудың мемлекеттік бағдарламасын директордың тәрбие жөніндегі орынбасары және сынып жетекшілермен бірлесе жүзеге асыру.