10 қараша Дүниежүзілік Балалар күні
10 қараша – Дүниежүзілік Балалар күніне орай 2-сыныпта «Бар мейіріміміз балаларға» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Сабақтың мақсаты – оқушылардың адам құқығы, әсіресе бала құқығы жөніндегі түсініктерін кеңейту, өз құқықтарын білуге және өзге адамның құқықтарын құрметтей білуге тәрбиелеу болды.
Тәрбие сағаты барысында балаларға БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі Конвенциясы туралы жеңіл әрі түсінікті тілмен ақпарат беріліп, әр баланың өмір сүру, білім алу, қорғаныс пен қамқорлыққа құқығы бар екені түсіндірілді. Оқушылар түрлі жағдаяттарды талқылап, әділдік, мейірім, сыйластық секілді адамгершілік құндылықтарды өмірде қолдану жолдарын айтты.
Іс-шара жылы атмосферада өтіп, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, өздерін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуіне ықпал етті.