02
декабрь
2025
"Зорлық-зомбылықсыз цифрлық орта"
«Зорлық-зомбылықсыз цифрлық орта» тақырыбында өткізілген тәрбие сағатында оқушыларға «буллинг» ұғымының мәні түсіндіріліп, оның түрлері мен пайда болу себептері талқыланды. Жасөспірімдер арасында кездесетін қорлау, мазақтау, намысқа тию сияқты жағымсыз әрекеттердің зияны туралы айтылып, оларды алдын алу жолдары көрсетілді. Сабақ барысында оқушылар бір-біріне құрметпен қарау, қолдау көрсету, достық қарым-қатынасты нығайту туралы пікір алмасты. Іс-шараны Жексембаева Г.Д. жүргізді.